Приозерск қаласында 8 млн. теңгенің балығы тәркіленді. 91 қап балықпен Сарышыған кентінің тұрғыны ұсталды. Оны полицейлер Алматы-Екатеринбург тас жолында рейд жұмыстары кезінде қолға түсірді. Браконьер «Ford »маркалы көлігімен Алматыға қарай бағыт алғаны анықталып, көлігі тексерілді. Нәтижесінде, тұлпардан 91 қапқа салынған беріш, көксерке атты екі түрлі балықтар тәркіленді. Жалпы салмағы 2 тоннандан асады. Ал бағасы 8 млн.80 мың теңгені құрайды.
Болат Тәкішев-Қарағанды облыстық ІІД Табиғат қорғау полициясының бастығы:«Қарағанды облысының ІІД Табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен кезекті рейд жұмыстары кезінде Қарағанды облысында заңсыз балық аулағандарды ұстады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login