Жастар Кеңес Одағының Батыры атағын алған балқаштықтардың рухына тағзым етті

Жастар Кеңес одағының батыры атағын алған балқаштықтардың қабір басына барып,  рухына тағзым етті. Көзсіз ерлігі немесе айрықша еңбегі үшін берілетін ең жоғары құрметті атаққа  5 жерлесіміз ие.  Тағы екі жерлесіміз даңқ орденінің толық кавалері. Бұл – Батыр атағына теңестірілген жауынгерлік жоғары марапат.

Кеңес одағының батыры Закир Асфандияров танкке қарсы артиллерия бригадасын басқарған.  1944 жылы Украинаның Цибулев ауылын азат ету кезінде аға сержант жаудың 10 танкісін жойып, 150 ден астам фашисті өзі жалғыз қырып салған. Осы ерлігі үшін сол жылдың 1 шілдесінде оған ең жоғарғы атақ беріледі.

Интершум

Соғыстан кейін Закир Асфандияров Шығыс Қоңырат кенішінде шебер болып қызмет етеді. 1974 жылы зейнетке шығып, 3 жылдан кейін өмірден озады. Балқаш қаласының құрметті азаматы деген атаққа ие. Жастар қабірдің басына гүл шоқтарын қойып, батырдың ерлігін еске алды.

Балқашта жерленген тағы бір батыр Василий Спицын. Майданға дейін де, одан кейін де Балқаш қаласында мыс балқыту зауытында еңбек еткен. 1941 жылы әскерге шақырту алып, атқыштар дивизиясында жауға қарсы күреседі. Соғыс кезінде 10 нан астам пулемет пен 50 ден көп жаудың көзін құртқаны үшін 1,2,3 дәрежелі даңқ орденімен марапатталған. Бұл – Батыр атағына теңестірілген жауынгерлік жоғары марапат.

Жанғали Амантаев-жастар ресурстық орталығының маманы

« Осындай қой үстінде бозторғай жұмыртқалағанзаманды бізге нәсіп еткен ата-бабаларымызға алғысымыз шексіз. Бейбіт өмірде сүріп жатқанымыз үшін сол кісілергеүлкен рахмет айтамыз.

Соғыс кезінде жасаған көзсіз ерлігі үшін берілетін ең жоғары құрметті атаққа Балқаш қаласында тұрған тағы 4  майдангер қол жеткізген. Олар Петр Миллер, Николай Подсадник, Олег Щербаков және Вера Хоружая. Сондай-ақ Николай Калмыков Василий Спицын секілді даңқ орденінің толық кавалері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать