Балқаш әкімі Александар Аглиулин ҰОС ардагерлерін арнайы барып құттықтады. Қаламызда болашақ ұрпақ үшін отқа да оққа да түсіп, бар қиындықты жеңе білген 5 ардагердің көзі тірі. Бәрі де сұрапыл соғыс жылында жауға қарсы күресіп, ел үшін жанын беруге дайын болған.
Қала басшылары алғаш болып 92 жастағы Плесин Семенды құттықтады. 18 жасында соғысқа аттанған майдангер Рига, Ауце, Кандава елді-мекендерін азат етуге қатысқан. Ал соғыстан кейін қираған зауыттар мен өнеркәсіптерді қайта қалпына келтіруге атсалысып, ел игілігі үшін еңбек еткен.
Омаров Мұқажан да кәмелеттік жасқа толғанда әскер қатарына шақырылады. Содан Қиыр Шығысқа жіберіліп, қан майданда жауға қарсы пулеметтан оқ жаудырған. 2 дәрежелі ҰОС ордені мен Жуков медалінің иегері.
Рашида Зенькина өзі сұранып ел қорғауға аттанған. 4-ші Украйна майданында 38-ші әскер құрамындағы 126 корпустың 70-ші атқыштар бригадасында байланысшы болған. Украина, Днепр, Крым, Польша, Чехославакия жерлерін жау қолынан азат еткен батыл жауынгер.
СНХ:Рашида Зенькина-ҰОС ардагері
«Мен осы күнге жеткеніме өте қуаныштымын. Қазір қатарымыз аз қалды. Бәріңе еөп рахмет. Ең бастысы денсаулық болсын, денсаулық тілеймін».
Келесі майдангер Клавдия Кочетова. 96 жастағы қарт Қиыр Шығыс жерінде майданға қатысқан. Жер мен әуе арасында байланыс орнатып ұшқыштарға талай жеңіс әперуге көмектескен.
Майдангерлердің ішіндегі ең қарты Ынтықбаем Ибраем. Ардагер биыл 98 жаста. 1-Украина майданында 13-ші кавалериялық взводтың полк командирі, ал 1 жылдан кейін атқыштар полкінің взвод командирі болған. Украина жерін жаудан тазартқан қарт қызыл Жұлдыз, 1-ші, 2 ші дәрежелі отан соғысы ордені, Германияны жеңгені үшін медалі секілді талай марапаттың иегері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login