Балқаштық кикбоксшылар жастар арасында өткен республикалық чемпионаттан жүлделі оралды. Жарысқа Қазақастанның түрлі облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан 250 спортшы қатысқан. Қарағанды облысының намысын қорғауға 17 кикбоксшы барды. Оның төртеуі – балқаштық. Жерлесіміз Айбат Нұрланұлы шемкенттік қарсыласына есе жіберіп, 51 келі салмақта күміс жүлдеге ие болды. Ал балқаштық Темірлан Серік 71 келі салмақта ІІІ орынға тұрақтады. Кикбоксшылардың жаттықтырушылары — Дулат Саметов және Жомарт Үсен.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login