71 келі марихуанамен балқаштық тұрғын ұсталды

Есірткімен есіріп, оны сауда көзіне айналдырған балқаштық тұрғын ұсталды. 71 келі марихуананы жинаған күдікті өз үйінде құрықталды. Оны полицейлер республикалық тексеріс барысында қолға түсірді. Анықталғандай, 43 жастағы азамат есірткі саудасына қалалық аурухана маңындағы өзінің жер үйін пайдаланған. Онда «марихуана» есірткісін қораптарға жеке-жеке салып қойған. Оны қара базар арқылы сатып, тыныш қана нәпақасын тауып жүрген. Қазіргі күні күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Айта кетейік, 43 жастағы тұрғын бұрындары сотталмаған болып шықты.

Жанатай Сембеков, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі
«Азаматқа қатысты ҚР ҚК 296 бабы, 4 бөліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать