Балқашта тіркелмеген қару-жарақтарды сатып-алу акциясы аяқталды.Екі аптаның ішінде тұрғындар 3 қаруды өткізіп, 80 мың теңгеге ие болды. Естеріңізде болса, заңсыз сақталған қаруларды өткізу акциясы 10сәуірде басталып, Қарағанды облысына 7млн. теңге бөлінген болатын. Нәтижесінде, 14 күннің ішінде облысқа 60адам 91 дана түрлі қаруларды өткізді. Ал балқаштықтар 2 тегіс ұңғыл мен 1 қысқа оқпанды винтовканы ішкі істер бөліміне тапсырды. Және оның жалпы сомасы шамамен 80 мың теңгені құрады.Дей тұрғанмен, полицейлер заңсыз қаруды сыйақысыз, өз еркімен тапсыруға шақырады.
Александр Федотов: қару айналымы және лицензиялау тобының аға инпекторы
«Алдағы күні жиналған қарулардың барлығы жойылатын болады. Ал оны өткізген адамдар мамыр айында ақшаларын алады. Бірақта, заңсыз қаруларды әлі де қабылдаймыз. Ол үшін қаржылай сыйақы қарастырылмайды.Тек өткізуші әкімшілік, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login