«Сүйікті кітабыңмен селфи» акциясының жеңімпаздары анықталды

«Сүйікті кітабыммен селфи» осындай атаумен   өткізілген акцияның жеңімпаздары анықталды. Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхана ұйымдастырған шараға қала бойынша 14 оқырман қатысқан. Олар байқаудың шарты бойынша, сүйікті кітабымен суретке түсіп оны әлеуметтік желіге жариялау керек еді. Нәтижесінде, жеңімпаздар лүпіл санына қарап анықталды. Бірінші орынды бәрінен көп лайк жинаған №4 орта-мектептің  2 сынып оқушысы Дильназ Русланова жеңіп алды. 2 орынға Қарағанды мемлекеттік универсиетінің студенті Аруна Ильясова жайғасты. Үздік үштікті №1кітапхананың тұрақты оқырманы Ғани Аруна қорытындылайды. Жүлделі орынға ие болған қатысушылар дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Айта кетейік, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға арналған байқау 20 наурызда басталған болатын. 1 ай ішінде оған 14 адам қатысуға ниет білдіріп, сайыстың шарттарын орындаған.  Олардың көбісі оқушылар мен жастар.

Гүлмира Бегімова-кітаптарды дамыту және әдістемелік жұмыс секторының басшысы

Акцияның қорытындысы аясында менің сүйікті кітабым bug dating ұйымдастырылды.  Яғни осы қатысқан қатысушылар өздерінің кітаптарын ала келіп, өз ойларын ортаға салды. Оқырмандардың және басқа да қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать