Жеңіс бәріне-ортақ! Ұлы Жеңіс күніне орайластырылған халықаралық медиашеру бүгін Балқаш қаласына жетті. Ресей елінен бастау алған 20 экспедиция мүшелері Қазақстанға сирек кездесетін «Газ- М 20 Победа»маркалы 5 көлікті мініп келді. Ұзақ жолға шыққан көрші елдің азаматтарын балқаштықтарда қарсы алып, қонақжайлықтарын көрсетті.
Халықаралық медиа экспедиция Балқашқа Қарағандыдан келді. Оларды балқаштықтар әнмен қарсы алды. Ал ақ жаулықты әжелер қонақтарға дәмді бауырсақ ұсынып, қонақжайлылық көрсетті.
Ресейдің Нижневартовск қаласынан шыққан экспедиция мүшелері сирек кездесетін Газ-М 20 Победа көлігіне мініп ел аралауда. Бұл темір тұлпарларды Кеңес Үкіметі Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін 1946 жылдан 58 жылға дейін шығарған. Ескінің көзін елге паш ету үшін механиктерден құралған 2 топ экспедициямен бірге жүр. Бұзыла қалса, жолда жөндеп әрі қарай сапарларын жалғастырады.
Игорь Илик -халықаралық медиа-экспедицияның техникалық директоры
«Ескі көлік болғандықтан бұзылмай тұрмайды. Әзірге қатты ақаулар болған жоқ. Жолда жөндеп алып, жүріп келеміз.
Мына көлік 1955 жылы құрыстырылған. Оны иесі осыдан 3 жыл бұрын сатып алған. Айтуынша акумулятор секілді бірлі-жарым құрығысын ауыстырған. Ал қалғаны өзінікі. Тіпті рөліне де тиіспеген. Бұл көлікте ең қымбаты ол хроммен қапталған бөліктері.
Игорь Илик –халықаралық медиа-экспедицияның техникалық директоры
«Ол кездері хром өте жоғары бағаланған. Сол уақыттағы көліктердің көбісіне осы металл қолданылған. Бұл жерде де тіпті белгілеріне дейін хромнан жасалып отыр. Оны қайта қалпына келтіру, өңдеу қазіргі кезде өте қымбат тұралды.
Жеңіс бәрімізге ортақ медиа-экспедициясының басты мақсаты соғыс жылдарының қиын кезеңдері жайлы көбірек мағлұмат жинау. Сол оймен жастар жиналып жолға шыққан.
Николай Заболотнев-«Жеңіс барлығымызға ортақ» медиаэкспедициясының жетекшісі
«Біздің мақсатымыз – ұлан-ғайыр ел азаматтарының соғыс жылдарындағы өмірі, жағдайы жайлы барынша көп ақпарат жинап, оны жастар арасында тарату, бабаларымыздың ерлігін үлгі ету. Сол мақсатпен ҰОС ардагерлерімен, тыл еңбеккерлерімен кездесіп, соғы жылдары жұмыс істеген өндіріс орындарын аралап жүрміз.
30 адамнан құралған экспедиция мүшелері 1941 жылы Ресейдің Кольчугин қаласынан көшірілген түрлі түсті металдар өңдеу зауытында болды. Одан кейін мәңгілік алауға барып, соғыста қаза болғандардың рухына тағзым етті. Медиашерушілер бүгін қайта жолға шығады. Олар Қазақстанның Шымкент, Қызылорда, Байқоңыр мен Қостанай қалаларыа соғып, әрі қарай Қырғызстан мен Өзбекстанға жол тартады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login