Балқашта ең нашар коммуналдық мекеме анықталды

Балқашта   жылыту  маусымы  қорытындыланды.Соған  сәйкес қала әкімі Александр Аглиулин  оқушылар  сарайының  ғимаратында  барлық  коммуналшы мекеме  қызметкерлерінің  басын  қосты.   Қыстың қытымыр  мінезіне  қарамастан  жауапты  мекемелер аянбай еңбек  еткенін  ескеріп, жылдың  үздік маман иелерін  марапаттады.  Оның ішінде  жылу  электр  станциясының  машинисті  Алмас  Көбегенов,  «Балқаш  Су» мекемесінің  дәнекерлеушісі Нұрламбек  Исатаев,  «Балқашэнергоның»  электромонтері  Дархан  Ықыласбеков, «Су  Жылу  Транс»  мекемесінің   дәнекерлеушісі Айдос Қамбаров  шаһар  басшысының  «Құрмет грамотасын» иеленді. Және тағы   6   жұмыскер     алғыс  хатқа  ие  болды.

Интершум

Әбілхасым   Төлеубеков-  Балқаш  қаласы әкімінің  орынбасары

« Жылу беру  маусымында Балқаш қаласында, Саяқ,  Қоңырат   мөлтек ауданында  жылу  кестесіне  сәйкес  дұрыс  берілмей   наразылық  туындаған мәселелер  бойынша  уақытылы  шаралар  қабылданып отырды.Онымен  қоса,  биылғы  жылғы қыс мезгілінде  қаңтар айында температураның  төмендеуі  күндізгі   уақыттарда -25,-30градусқа  дейін  түңгі  уақыттарда  -35,-40   градусқа  дейін   төмендеулер байқалды».

Ал  жалпы  шаһарда  қыс мезгілі   ойдағыдай өтті.Дегенменде,биыл  Қоңырат   мөлтек  ауданына  берілген  жылу  температурасы  пәтерге  жеткенімен -2  дейін  түсіп кетіп, 3 авария тіркелді.Тұрғындар  бірнеше  күн суық  үйде отырды. Сондықтан «Су  жылу Транс» 712  абонементке   қайта есептеу жүргізді.Оған  қоса,биыл  әкімнің «Антидиплом» атағын «Балқаш Су» мекемесі иеленді.Яғни  бұл дегеніміз, аталмыш  мекеме биылғы жылдың  ең  нашар  коммуналдық ұйымы  болып табылды.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать