Балқашта 700 ден аса тал отырғызылды

Балқаштықтар 740 түп тал екті.  Өткен сенбіде бүкіл Қазақстанда ағаш отырғузы күні өтті. Жалпы еліміз бойынша 90 мың көшет отырғызылған. Акцияға балқаштықтарда өз үлесін қосты. Мәдениет сарайының маңына, қалалық жағалауға, саябаққа, ағаштың 4 түрі қарағаш, үйеңкі, терек және қарағай егілді.

Қала әкімі Александр Аглиулин бүгін қағазбен емес күрекпен жұмыс істейтіндіктен образын өзгертіп келген. Костюмді жеңіл күртешеге ал қыры шыққан шалбарды джинсиге алмастырған басшы мәдениет сарайының маңына терек отырғызды. Оған алғаш болып өзі су құйды. Айтпақша айта-айта жауыр болған суару жүйесі қалай болмақ?

Александр Аглиулин-Балқаш қаласының әкімі

«Қазіргі таңда шығыс-батыс су құбырларын ауыстыру бойынша сметалық құжат дайындалуда.Оны келесі жылы жүзеге асырамыз. Ал отырғызылған ағаштардың күтіміне жауап беретін ұйымдар бар. Мысалы, осы тұстағы көшеттерге мәдениет сарайы жауапты.

Терек көпжылдық өсімдік. Егер күтімі жақсы болса, биіктігі 40, ені 1 метрге дейін жетеді. Бұл күні тал еккен жастар өте белсенді. Отырғызған ағаштарын бақылауларына алып,  жайқалып өскенше өздері келіп суарып тұрмақшы.

СНХ:Сағадат Науанбаев-студент

« Бүгін достарымызбен келіп, балқаштың көгалдандыруына қатыстық.  Аптасына бір рет келіп, талды суарып жүреміз. Балқаш болашақты жасыл қала болатынына сенімдімін және көгалдандыруына қатысқаным үшін өте ризамын».

Бұл күні мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, қала жастары, оқушылар мен ардагерлердің атсалысуымен қала бойынша 740 түп тал егілді. Олар, қарағаш, қарағай, үйеңкі, терек ағаштары. Көбісі суару жүйесі тартылған қалалық жағалауға және орталық саябаққа отырғызылды.

Балқаштықтар тал егумен қатар жаппай сенбілікке де шықты. Медициналық колледж студенттері «киелі мұрамызға-құрмет» акциясы аясында Шашубай кентіне барар жолда орналасқан, Балқаштың осы жерден басталғанын білдіретін ескерткішті сылап, сырлап жөнге келтірді. Айта кетейік, бұл акция аясында студенттер монументтерді вандализмнен қорғап, тазалыққа жауап береді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать