Қоңыратта тұрғын-үй шаруашылық бөлімінің маманы жұмыс істейтін болды

Қоңыраттықтарға қатысты жағымды жаңалық. Енді тұрғын-үй шаруашылық бөлімінің бір маманы Қоңырат мөлтек ауданындағы  бұрынғы әкімшілікте отыратын болды. Яғни, бұдан былай коммуналдық сұрақтар үшін қалаға келудің қажеті жоқ. Осы аптада ТКШ бөлімінің жетекшісі кешкі сағат 17.00-ден 19.00-ге қабылдауды өзі жүргізеді. Ал келесі аптадан бастап бір маман онда күні бойы жұмыс істейтін болады. Бірінші кабинетте тұрғындардың өтініштері мен арыздарын қабылдайды. Яғни енді қоңыраттықтар су, жарық, жылу және өзге де коммуналдық сұрақтарға бұрынғы әкімшілікке барып немесе  6-44-17 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жауап ала алады.

Нұрболат Бөлеген- ТКШ бөлімінің жетекші міндетін атқарушы: « Тұрғын-үй шаруашылық бөліміне  тұрғын-үй, ауыз су, жылу, санитарлық тазалық мәселелері бойынша тұрғындардың келулеріне болады. 23 сәуірден бастап онда ТКШ бөлімінің бір бас маманы отыратын болады. Ол сағат 9-дан кешкі 18.30- ға дейін қабылдау жүргізеді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать