Балқаштық жас өнер иелері халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болды.Жерлестеріміз Қарағанды төрінде ән айтып, би билеп үздік өнер көрсетті. Олардың арасында балабақшадағы бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары да бар. Соның бірі Айжан Тюльбаева. Ол эстрадалық вокал бөлімінде «Әлия» әнін орындап, көрерменнің көңілінен шықты. Нәтижесінде екінші орынға ие болды. Сондай-ақ ағылшын тіліндегі әнді жоғарғы деңгейде шырқаған 10жасар Биназир Бейсикенова бірінші орынға қол жеткізді.Және де квартет болып ән айтқан өзге топ күміс медальдармен марапатталды.
Биназир Бейсикенова – халықаралық ән байқауының жеңімпазы
« Мен ағылшын тіліндегі әнді орындадым. Мен бұл өлеңді айтқан кезде қобалжыған жоқпын.Мен өскенде үлкен әнші болғым келеді».
Сонымен қатар, байқауда өнер көрсеткен бишілерде жүлделі орындармен оралды. 10-12 жас аралығында бақ сынаған «Томирис»ансамблі «Калинка» бимен бірінші орыннан көрінді. Ал оқушылар сарайының бүлдіршіндері «Stars» тобы бірден екі жүлдеге ие болды. Ондағы үлкен топтағылар алтынға қол жеткізіп, кішкентай өнерпаздар «Аист на крыше» биін шынайы сомдағандары үшін күмістен алқа тақты. Және бишілер арасындағы бас жүлдені«Бөбек» балабақшасының балғындары иеленді. Айта кетейік, әнші –бишілермен қатар оқушылар сарайының суретшілері де сыйлықтан құр қалмады.
Жанар Жазбекова – «Бөбек» балабақшасының директоры:
«Қарағанды қаласында өткен Астананың 20 жылдық мерейтойы байланысты «Жас талант» халықаралық байқайына «Бөбек» балабақшасынан 15бала би өнерін көрсетті. Біздің балалар екі биді ұсынып бірінші және бас жүлдеге ие болды».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login