Балқаштағы мүмкіндігі шектеулі жандарға компьютер сауаттылығы үйретіледі

Балқаштағы мүмкіндігі шектеулі жандарға компьютер сауаттылығы үйретіледі.Қалалық мүгедектер қоғамы осындай оқыту курсын ашты.Онда дәріс әлеуметтік жоба аясында тегін оқытылады. Ал техниканың тілін меңгеремін деушілерге информатика кабинеті толық жабдықталды. 6 компьютердің барлығы интернетке қосулы тұр. Оқыту курсы аптасына 5 рет таңғы сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жүргізіледі. Айта кетейік, сабаққа жазылу үшін мүмкіндігі шектеулі жанның статусын растайтын құжат пен жеке куәлік, мекен-жай анықтамасы қажет.

Назгүл Әбішева – программист-оператор:«Біз сабақта компьютердің толық құрылысын талдаймыз. Бағдарламаларды қалай пайдалану керек екендігін, интернетті үйретеміз. Жалпы негізгі қағидалардың барлығын көрсетеміз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать