Балқашта тұңғыш рет әйел адам әскери ұшақты дербес жүргізді

Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет әйел адам әскери ұшақты дербес жүргізді. 23 жастағы Ардана Ботай Л-39 ұшағын өзі жалғыз басқарып, өз бетімен бірінші рет әуеге ұшты. Және мұндай тарихи сәт Балқаш қаласында іске асты.

Ардана Ботай шешуші сынаққа дайындалып, техниканың бүге-шүгесін тексеру үстінде. Өйткені, бүгін ұшқыш бөлім командирі алдында бар білгенін көрсетуі тиіс. Салмағы бірнеше тонна болатын әскери әуе кемені мүлтіксіз басқарып, 4 айналым жасауы керек.
Ұлттық ұлан қатарындағы жалғыз бойжеткен командирдің бақылауымен бұған дейін 48 рет Л-39 атты оқу –әскери ұшағын басқарған. Және оған қоса 200-ден аса сағат әртүрлі жеңіл әуе көліктерін жүргізіп көрген. Осындай саланың маманы атанған Ардананың бұл бала күнгі арманы. 16 жасында авиациялық орталыққа оқуға түсіп, кейін Азаматтық авиация академиясында білімін жалғастырды.

Тимур Еспағанбетов – авиациялық оқу орталығының командирі
«Ардана авициялық орталыққа оқуға түсуге келген бірінші қыздардың бірі. Оның алға қарай ұмытылысы, білуге деген құштарлығы жоғары. Соның арқасында әскери ұшақты басқарсам деген арманына жетті».

Осылайша ақтық сыннан сүрінбеген Ардана енді ұшақтың штурвалына өзі жалғыз отырып, тұңғыш рет тізгінді өзі ұстады.Тәуелсіз Қазақстан тарихында бірінші рет әуе кемесін басқарған ұшқыш әйел 20 минутын аспанда өткізді. Және тапсырманы мүлтіксіз атқарғаны үшін құттықтауға да ие болды.Бұған қоса, әріптестері де өзіндік дәстүрлерін жаңғыртты.

Ардана Ботай – ұшқыш
«Менің ойымша ұшақта білімді, тәжірибелі маман отырса болғаны. Оны жынысынақарай бөлуге болмайды. Әрине,бұл менің жеткен жетістіктерімнің соңы емес. Әлі жақсы көрсеткіштерге қол жеткіземін».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать