Балқашта қауіпсіздік шарасына жүрдім-бардым қараған мейрамхана иесіне 300 мың теңге айыппұл салынды. Кәсіпкер нысанның маңайына бейне бақылау камераларын орнатпаған. Ал заң бойынша адам саны 200-ден асатын орындарда камера міндетті түрде болу қажет. Сотта бизнесмен өз кінәсін мойындап, қажетті аппараттарды сатып алып қойғандығын айтты.Алайда кабель тартуға мүмкіншілігі болмағанын жеткізді. Дей тұрғанмен,жақын арада кеткен кемшілікті түзетуге уәде етті. Сот отырысында оған 336 700 теңге айыппұл салды. Кәсіпкер бұл соманы 30 күн ішінде төлеуі қажет.
Ләззат Сағымбекова-қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы:«Кәсіпкердің бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын ескере отырып және кінәсін түсініп, мойындағаны үшін айыппұл сомасы 30 пайызға азайтылды. Заң қазіргі таңда күшіне енді».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login