Балқаштықтар тіркелмеген заңсыз қаруларын полицияға өткізуде

3 балқаштық  тіркелмеген заңсыз қаруын полицияға өткізді.   Әзірше тұрғындардың қанша ақша алатыны белгісіз. Қарудың  нақты  құнын облыста жасалатын сараптама нәтижесі  анықтайды. Естеріңізде болса, 10 сәуірден бастап  елімізде   заңсыз қаруды сатып алу акциясы басталған болатын. Екі күннің ішінде 3 адам қолындағы тіркелмеген мылтық пен 2 атыс тапаншасын тапсырған. Ол үшін оларға 24 мыңнан 250 мың дейін сыйақы берілуі мүмкін. Қарудың құны эскпертизалық тексерістен кейін анықталады. Ең қымбаты автомат. Ол үшін 250 мың теңгеге дейін ақша алуға болады. Ал ең арзаны травматика. 24 мың теңгеге дейін бағаланады. Айта кетейік, тіркелмеген, заңсыз қаруын өз еркімен өткізгендер қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Александр Федотов –қару айналымы және лицензиялау тобының аға инспекторы

«Бәрі де қарудың жағдайына байланысты. Егер жарамды болса әрине ол үшін көп төленеді. Жарамсыз болса бағасы арзанырақ болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать