Қарағандыда адам сатқандар ұсталды

Қарағандыда    адам  сатқандар ұсталды.Сутенерлікпен айналысқан  4  жігіт   қыздарды  жезөзекшелікпен  айналысуға  мәжбүрлеп  келген. 24 және27 жас аралығындағы  бір топ жігіт   жедел ақпараттың  арқасында ұсталды.  Олар пайда  табудың оңай  жолын  іздеп,  қыз-келіншектерді төсек  қатынасына пайдаланған.  Пәтер  жалдап, онда  жеңіл жүрісті  қыздарды  күштеп  ұстаған отырған. Кейін  өздері жыныстық  қатынас  қызметі  туралы  хабарланудыру беріп,  клиенттерді   іздеп тапқан  көрінеді. Қазіргі  күні  бір топ жігітке байланысты  қылмыстық кодекстің бірнеше  бабы  бойынша  тергеу амалдары  басталды.Күдіктілер қамауға алынды.

Жанатай  Сембеков- Қарағанды облыстық ІІД баспасөз  жетекшісі

«4  адамнан  тұратын  топ  ұсталды. Олардың топ басшысы  27 жаста.Қазіргі  таңда   қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі өндіріс басталды».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать