Балқаш қаласының туған күнінде тегін такси қызметі жұмыс істеді. Алайда, әдеттегіндей емес жолаушылардың білімдерін сарапқа салды. Онда кітапхана қызметкерлері тұрғындарға сұрақ қойып дұрыс жауап бергендерді жүргізушілер діттеген жеріне тегін жеткізіп тастап отырды.
Кітапханашы Айжан Арзымбетованың бүгінгі міндеті — тұрғындарға сауал қою. Жолаушылардың қала тарихын қаншалықты білетіндіктерін тексеру. Егер кейіпкер кем дегенде бір сұраққа дұрыс жауап берсе, шаһардың кез-келген жеріне тегін жету мүмкіндігіне ие болады.
Айжан Арзымбетова –Орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі
«Бұл акция қала тарихын білуге, ұмытпауға септігін тигізеді. Әрине, басында тұрғынжар сескене қарады. Бірақ артынан үйреніп кетті. Мұндай шараларды әліде жасайтын боламыз».
Аялдамада отырған жандарға қойылған сұрақтар қиын емес. Бірақ та, жерлестеріміздің көбісіне шаһар атағын Балқаш қай күні алды деген сауал қиындық туғызды. Ал ескерткіш, мектеп жайлы сұрақтардан мүлдем сүрінбеді.
Айша Шұбырова- қала тұрғыны:»Мына акция өте жақсы екен. Аялдамада отырғам сосын осылай сұраққа жауап беру болды. 2007 жылы Ағыбай батыр ескерткіші орнатылған. Сосын осы аялдамаға дейін жетіп алдым».
Тұрғындарды қала тарихын білуге шақырған шара аясында бір сағаттың ішінде 10 тұрғын тегін қызметке ие болды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login