Осы айда балқаштықтардың барлығына бірдей коммуналды қызметтің түбіртегі берілмейтін болды. Өйткені, қазір қаланың тұрғындары үшін бірыңғай база енгізілуде. Соған орай коммуналшылар бұқараның барлығына түбіртекті шығарып үлгермейміз дейді. Сондықтан, «Қазэнергоцентр» орталығына келу туралы хабарлама алған пәтер иелері түбіртекті алу үшін кассаға өздері келулері керек. Олардың қатарында 1,2,3 мөлтек аудандары мен 17 квартал, Ленин көшесінің кейбір тұрғындары бар. Ал түбіртек жетпеген балқаштықтар кассаға бармай қойса болады. Себебі,бүгіннен бастап мамандар түбіртектерді таратуға кірісті. Шамамен 4 күннің ішінде барлығына жетеді.
Азамат Қаржанов – «Қазэнергоцентр» ЖШС коммерциялық –диспетчерлік қызмет бөлімінің басшысы:»Осы айда орын алған техникалық ақауларға байланысты біз түбіртектерді кеш басып шығардық. Сондықтан таратып үлгермей жатырмыз. Және кейбіреуіне кассаға келуге хабарлама бердік. Тұрғындар айдың 25-не дейін берешектерін өтіп бітулері қажет».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login