Балқашта жастарға анонимді түрде көмек көрсететін денсаулық орталығы ашылады

Балқашта жастар денсаулық орталығы ашылады.  Ондағы мамандарға жеткіншектер және студенттер жасырын жүгініп, тегін кеңес пен көмек ала алады.

Жастар денсаулық орталығы  №1 емханада орналасқан. Бұрын жалпы тәжірибе дәрігерлері отырған 7 кабинетте қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Еден мен қабырға боялғаннан кейін, жиһаздар әкелінеді.

Жайна Көкенова – №1 емхананың шаршуашылық меңгерушісі

» 15 күннен бері 3 жұмыскер жұмыс жасауда. Жақын күнде бітеді. Бәрін ауыстырып жаңадан жаңартып жатыр».

Жаңа орталықта уролог, гинеколог, психолог және әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді.Мұнда 12 мен 29 жас аралығындағы жастар келіп, анонимді түрде дәрігерлердің көмегіне жүгіне алады. Яғни кәмелетке толмағандарға ата-анасымен келу міндет емес.

Гаухар Смағұлова –«Ғибрат» жастар денсаулық орталығының жетекшісі

«Кейде балалар өз мәселесі  жайлы ата-анасына айта алмай, қиналатын кездер болады. Ал бізде мамандар оларға тегін кеңес беріп, тексерістен өткізеді.

Жастар денсаулық орталығы мамыр айында ашылады деп жоспарлануда.  Онда мамандар күндіз қабылдау жүргізсе, кешкісін 8747508450 және 46289 нөмірлеріне қоңырау шалып, толғандырған сауалдарға жауап ала алуға болады.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать