Бүгін қалада заңсыз сақталған қаруларды сатып алу акциясы басталды. Атыс қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттарды өз еркімен ішкі істер бөліміне тапсырған тұрғындарға 20 мың теңгеден бастап 250 мыңға дейін ақша беріледі. Атап айтқанда, ойық ұңғылы автоматтарға 250 мың теңге, ойық ұңғылы винтовкалар мен карабиндерге 113 мың теңге, тегіс ұңғылы атыс қаруларға 68 мың теңге беру қарастырылған. Ал ішіндегі ең арзаны — травматикалық қарулар. Олардың құны 7 мен 24 мың теңге аралығында. Биылғы жылы заңсыз қаруларды сатып-алуға жалпы облысқа 7 млн. теңге бөлінді. Аталмыш шара ақша толық игерілгенше жалғасатын болады.
Александр Федотов – қару айналымы және лицензиялау тобының аға инпекторы
«Қарулар сапасына қарай бағаланатын болады. Оны арнайы комиссия анықтайды. Және оларды өткізген адамдар банктен арнайы есеп-шот ашады. Қаржы соған аударылады»
Заңсыз қаруларды өткізген адамдарға берілетін қаржы көлемі
Қарудың аты | 1 санат | 2 санат | 3 санат |
ойық ұңғылы автоматтарға | 240 500 тг
|
168 350 тг
|
72 150 тг |
винтовка, карабин | 20 250 тг
|
84 175 тг
|
36 075 тг
|
тапанша , револьвер | 96 200 тг
|
67 340 тг
|
28 860 тг
|
тегіс ұңғылы қарулар | 72 150 тг
|
50 505 тг
|
21 645 тг
|
Травматикалық тапанша түрлері
|
24 050 тг
|
16 835 тг
|
7 215 тг
|
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login