Балқаштық кәсіпкерлерді жемқорлыққа бармауға шақырды

Облыстан келген мемлекеттік   қызмет  істері  және сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  агенттігінің  мамандары Нұр Отан партия ғимаратында өткен  форумға қатысты. Онда қаланың кәсіпкерлерімен кездесіп, жемқорлықты алдын-алуға шақырды. Көлеңкелі бизнеске бармауға кеңес берді. Соңғы статистика санақтарына сүйенсек, 2017 жылы сыбайлас жемқорлықтың басым көпшілігі әкімшілік қызметкерлері тарапынан орын алған. Салдарынан республика бойынша 270 қылмыстық іс қозғалды. Сондықтан форум аясында сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар жіті айтылды. Ал кәсіпкерлерге өз құқықтары толық түсіндіріліп, кедергісіз бизнеспен жұмыс істеудің жолдары көрсетілді.

Берік Ахметов -Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысының орынбасары:«Ол бірінші кезекте кәсіпкерлерге жатады деп ойламыз.Себебі бұл кісілер сыбайлас жемқорлыққа жол бермесе,өздері ұсынбаса мемлекеттік қызметкерлер бармайды.Осындай заң бұзушылықтарға жол бермеу шараларын қолдану мақсатта біз көптеген шаруалар жасап жатырмыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать