Балқашта Пасха мерекесі 7 сәуірден басталады

Балқашта Пасха мерекесіне әзірлік басталды. Биылғы жылдың 8 сәуірінде православ христиандар әлемі өзінің басты әрі ежелгі мерекелерінің бірін атап өтеді. Бір күн бұрын, яғни сәуірдің 7 күні таңғы сағат 8-де шіркеулерде салтанатты рәсімдер басталады. Сол күні сағат 11.30 бен 14.00 аралығында «куличи» тәтті нандар мен боялған жұмыртқаларды аластап алуға мүмкіндік беріледі. Ал түңгі сағат тура 00.00-де пасхалық литургия, яғни құлшылық жасалады. Жағылған шырақтар мен діни суреттерін ұстаған қызметкерлер қоңырау сылдырымен ғимаратты айналып өтеді. Әрі қарай діни рәсім шіркеу ішінде пасхалық әндермен жалғасады. Және келесі күні таңғы сағат 10-нан бастап мерекелік дастархан әзірленіп, діни жоралғылар қайталанады.

Иерей Виктор — Әулие-Никольский шіркеуінің аға попы:«Қасиетті Пасха мерекесін тойлауға барлық қала тұрғындарын шақырамыз. 7 сәуірден бастап шіркеуде діни рәсімдер жүргізіледі. Негізгі құлшылық сағат түңгі 12-де өтеді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать