Айыппұл төлемес үшін қоқысты өртегенде нені ескерген жөн

Сенбіліктер мен таза бейсенбіліктердің басталуына орай құтқарушылар тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтау керектігін ескертеді. Бүгін ресми түрде 2 айға созылатын «таза қала» айлығы басталды. Енді маусым айына дейін әр бейсенбі және сенбі күндері коммнуалдық мекемелер мен ұйымдар, мемлекеттік қызметкерлер,  студенттер өздеріне бекітіліп берген аймақты қыстан қалған қоқыстан тазартады. Өрт сөндірушілер жиналған қалдықты жағу кезінде қауіпсіздік ережесін ұмытпауды ескертеді. Мәселен жиылған заттарды ғимараттан 50 метр алыс жерде өртеу керек. Ол үшін бір арнайы орынды сайлау қажет. Ең бастысы от толық сөнгенше оны қадағалау міндет. Сондай-ақ саябақ, аллея секілді қызыл жалын тез тарайтын орындарда қоқыс өртеуге мүлде тыйым салынады. Ереже бұзғандарға өрт қаупсіздігін сақтамағандары үшін айыппұлмен жазаланады.

Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы

«Бізге келіп түсетін қоңыраулардың көбісі осы қоқыстың жануына байланысты.  Осы жылы 28 шақырылым келіп түсті.  Сол себепті тазалық акциясы кезінде қоқысты өртеушілерге қауіпсіздік ержесесін сақтау керектігін ескертеміз. Біздің тарапымыздан бақылау болады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать