«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды, — деп хабрлайды Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі – Сыйлық) жемiстi ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын 10 номинация бойынша беріледі: эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы, әдебиет, театр және кино, журналистика және қоғамдық қызмет, спорт, дизайн және бейнелеу өнері, ғылым.
Халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 29 жасқа дейінгі азаматтары сыйлық алуға үміткер болады.
Сыйлық бір уақытта әр номинация бойынша екіден артық емес ізденушіге берілуі мүмкін, бұл жағдайда оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлықты қайта беруге жол берілмейді. Бiр кандидатураны бiр номинациядан артық сыйлық алуға ұсынуға болмайды.
Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері арасында тең бөлiнедi.
Сыйлық алуға кандидатуралар ұсынуды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалар жүргiзедi.
Орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалар уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды қағаз және электрондық түрде жібереді:
1) кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;
2) қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу өтінімі;
3) қолдаухат және сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама;
4) марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттарының көшірмесі (болған жағдайда);
5) кандидаттың немесе кандидат туралы мақаланың, жарияланымдардың көшірмесі (болған жағдайда);
6) кандидаттың жетістіктерін растайтын өзге де материалдар (болған жағдайда).
Комиссияның спектакльдерді, кино және телефильмдерді, көрмелерді қарауын, концерттік бағдарламалар, сондай-ақ музыкалық және әдеби шығармаларды тыңдауын, ізденушінің қызметімен танысуын ұйымдастыру ұсынушы ұйымдарға жүктеледі.
Сыйлық алған адамдарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық табыс етiледi.
Сыйлықтар салтанатты жағдайда беріледі, марапаттау рәсiмi Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне орайластырылады.
Ізденушілердің жоғарыда аталған құжаттарын 2018 жылғы 1 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаменті келесі мекенжай бойынша қабылдайды:
Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, Министрліктер үйі (15-кіреберіс), 8/7172/74-13-85, 8/7172/74-18-43, 87019981988, zh.zhunusova@diakom.gov.kz.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login