Балқаштық көпбалалы анаға көмек қажет

Балқаштық еріктілер тағдыр тауқыметін көрген көпбалалы анаға көмек көрсетуге белсене кірісті. 5 баласы бар әрі алтыншысына жүкті 30 жастағы келіншекке азық-түлік пен киім-кешектер, ақша қажет. Оның үстіне жалғызбасты ана үй жалдап тұрады.

Ғалия Мұхажанова биыл наурыз айында Сарытерек ауылынан көшіп келді. 5 баласы бар.Алтыншысына жүкті. Үлкені 9 жастағы қызы 4 сыныпта оқиды. Одан кейінгісі 5,4,3 жастағы және кенжесі 7 айлық ,ұл балалар. Жұбайы ішімдіктің ілмегіне ілініп, ұрып-соғатындықтан шыдай алмай қалаға кетіп қалған.

Ғалия Мұхажанова- көпбалалы ана
«Ол кезде балалар болғаннан кейін кешірдім.Қаншама рет кешірдім. Қоямын деді.Ұрғанды қоямын, ішкенді қоямын деді.Пендеміз ғой деп, аяғы 7 жылға дейін барды.Осы қабырғам сынғаннан кейін көне алмадым».

7 жылда заңды некеге тұрмаған көпбалалы ана бүгін де бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрады. 5 баласына үкіметтен алатын 36 мың теңгесінің 35 мыңын баспанаға төлейді. Жақын арада бауырының үйіне уақытша тіркеуге тұрып, ұлдарын балабақшаға бермек ниетте. Алайда, төзімнің таяғына таянып жүрген ана жұрттан жәрдем сұрайды. Өйткені, 5 баласын қалай толық қамтамасыз ететінін білмейді.

Ғалия Мұхажанова- көпбалалы ана
« Маған көмек қажет. Біріншіден баспана керек. Баспана жоқ. Екіншіден тамақ, киім-кешек керек. Шама –шарқына қарай ақша болса. Ауырып қалса дәрісіне, нанымызға».

Қазіргі күні көпбалалы анаға еріктілер қол ұштарын созуға кірісті. Олар әлеуметтік желі арқылы ақпаратты таратып, көмектің кез-келген түрін қабылдап жатыр.

Мариям Магомедова- ерікті жан
«Біз ауыр дертке шалдыққан, тағдыр тауқыметін тартқан көмекке мұқтаж жандарға көмектесеміз.Егер оған балқаштықтар ат салысамыз десе біздің ұялы телефондарымызға қоңырау шалса болады. Қазір біз көпбалалы анаға гуманитарлық көмек көрсету үшін заттарды жинап жатырмыз».

Ал егер осы жанға көмектесемін дегендер болса экранда көрсетілген нөмірге қоңырау шалсаңыздар болады. Ерікті топ мекен-жайды айтып, бағыт береді. 8-777 -973- 96-53

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать