Келесі айда балқашта жалпықалалық тазалау шарасы басталады. Сәуірдің 5-нен бастап екі ай бойы өңірде сенбіліктер жүргізіледі. Ол туралы бүгін қала әкімі жиында айтты. Көктемгі тазалық жұмыстарына 226 мекеме жұмылдырылатын болады. Олардың барлығы 17 секторға бөлінген учаскелерді тазалап,сыпырады. Қар астында қалып қойған қоқыстарды жинап, көшеттерді отырғызады.Ол үшін қажетті арнайы техника түрлері қарастарылған.Жалпы екі айға жоспарланған кестеге сәйкес 9 тазалық бейсенбілігі, 8 сенбілік ұйымдастырылмақ. Ал алғашқы бейсенбілік 5 сәуірден басталады.
Нұрболат Бөлеген-ТКШ бөлімінің жетекші міндетін атқарушы
«Мекемелердің ауқымдығына және олардың бір жерде орналасуына байланысты участіктер 17 секторға бөлінді. Оның ішінде екі сектор бөлек. Қоңырат шағын ауданы, Балқаш станция кенті.Олардың барылығын қадағалау жұмыстары жүргізіледі».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login