Балқаштық оқушылар батпырауық ұшырып жарысты

Бүгін оқушылар батпырауық ұшырып жарысты. Оқушылар сарайында ұйымдастырылған шараға қатысуға 10 нан аса бала келді.
7 сынып оқушысы Аружан Тілекқызы бұл жарысқа №7 мектеп гимназиясының намысын қорғай келді. Батпырауық ұшыруды еңбек сабағында 3 сыныпта үйренген. Содан бері бұл оның сүйікті ісі. Ал бүгінгі жарысқа өзін сынауға келген.

Аружан Тілекқызы-№7 мектеп гимназиясының оқушысы:«Батпырауықты жақсы ұшыру үшін оны жақсы ұшырып үйрену керек. Тепе-теңдікті ұстау керек.  Адамның өзіне де байланысты, қабілетіне де байланысты.

Жарыстың шарты бойынша балаларға батыпрауықты ұшыруға 3 минут уақыт берілді. Қатысушы оны барынша жоғары ұшырып, берілген уақыт аяқталғанша жерге құлатпауы тиіс.

Саят Ахатов-авиа модельдеу үйірмесінің жетекшісі: «Батпырауықтар жіп қандай ұзын болса, сондай биіктікке дейін 3 км ге дейін ұшқан батпырауықтар болған.Биікке ұшқан сайын жоғары жақтағы ауаның ағыны бірқалыпты болады да, ұшу сапасы жақсы болады».

Алайда, бүгін жел ұйытқып соғып, батпырауықтардың ұзақ қалқып ұшуына кедергі жасады. Сол себепті жеңімпазды анықтау мүмкін болмады. Деседе, ұйымдастырушылар сайысқа қатысуға келген барлық оқушыларды грамотамен марапаттады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать