Наурыз мерекесінде ардагерлер қауымы құрметке ие болды

Ұлыстың ұлы күнінде аса құрметке ие ұлы тұлғаларда назардан тыс қалмады. Қала әкімі Александр Аглиулин Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен 95 жасқа келген кейуананың үйінде болып, наурыз мерекесімен құттықтап шықты.Қала әкімшілігі бастаған топ ең бірінші 92 жасқа аяқ басқан Семен Плесин қарияның үйіне бас сұқты. Омырауы орденге толы ардагер қонақтарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Қан майданда көрген тауқыметіне қарамастан әлі тың екендігін айтты.Әрі қарай мерекелік сыйлықтар батыр жандарға кезекпен табысталды. Құттықтау тобы Мұқажан Омаров,Клавдия Кочетова, Рашида Зенькина және Ыбрайым Ынтықбаев есімді 5 Ұлы Отан соғысының ардаргерімен кездесті. Бейбіт күнге алғыстарын жеткізді. Ал өз кезегінде Отан үшін жан аямай күрескен ерлер енді соғыс болмасын деп тіледі.Сондай-ақ бұл күні 95 жасқа аяқ басқан Шолпан Құсаинова апа ақ батасын берді. 5 баланың анасы, 8 немере мен 7 шөберенің әжесі өзін сергек сезінеді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать