Суреттегі қала! Суретшілер мен қолөнер шеберлері мерекеге орай қала тұрғындарына арнап көрме ұйымдастырды. Жүннен жасалаған бас киімдер, сөмкелер, шиден тоқылған дүниелер, кестеленген туындылар. Мұның барлығы өнер мектебі оқушыларының дипломдық жұмыстары. Ұстаздар көркем өнер бөлімінде білім алған 14-16 жастағы балалардың қолынан шыққан үздік туындыларды мерекелік көрмеге әкелген.
Шырын Қошанова-өнер мектебінің мұғалімі
«Негізі біздің жұмыстар өте көп. Наурыз мейрамына орай ұлттық нақыштағы жұмыстар қойылды».
Тұрғындар балқаштық суретшілердің жұмысын да тамашалады. 70-80 жылдардағы қаланың тыныс-тіршілігі бейнеленген туындылар Өміргелді Әбеуов, Гүлім Исатаева, Алексей Гарбатов секілді авторлардың қолынан шыққан. Көрмеге қойылған 20 шақты картина қалалық мұрайжадан әкелініпті.
Дәулет Қожақов – қалалық мұражайдың ғылыми қызметкері
« Балқаш тақырыбына салынған суреттер ғой. Қарасаңыздар Балқаш қаласының тарихымен танысып шығуға болады. Мысалы Өміргелді Әбеуов атамыздың мына суреті екі томдық кітап сияқты. Заман өгеріп келеді. Ақсақал артта қалып бара жатқан 1000 жылдық дәстүр тарихының символы да, мына алға қараған керемет жас жігіт. Жаңа өмір басталып келеді».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login