Балқашта ұлттық киімдер байқауы өтті. Фоторепортаж

Балқашта Наурыз мерекесіне орай ұлттық киімдер байқауы өтті. Жарысқа Балқаш қалалық гуманитарлы-техникалық колледжі, Балқаш қалалық білім беру бөлімі, «Балқаш Универсал» ЖШС ұжымы, «Сужылу Транс» КММ, «Қазақмыс Смэлтинг» және қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшелері сияқты 6 ұжым қатысты. Олар сахнада қазақтың әр жас аралығына қарай киетін ұлттық киім үлгілерін көрсетті. Әділ қазылардың шешімі бойынша Балқаш қалалық гуманитарлы-техникалық колледжі  мен   «Қазақмыс Смэлтинг»  үздік атанды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать