Наурыз мерекесінде көшеге шығып тағам өнімдерін сататын саудагерлер қатаң тексеріледі

22 наурыз Ұлыстың Ұлы күнінде көшеге шығып тағам өнімдерін сататын саудагерлер қатаң тексеріледі.  Бұл күні Балқаш қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы рейдке шығады. Ал кәсіпкерлер мамандардың қаһарына ұшырамас үшін төмендегі талаптарды орындаулары тиіс. Біріншісі  сатушылардың әр қайсында жеке медициналық кітапшалары болуы керек. Киімдеріне де үлкен мән беріледі. Екіншісі тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы қажет. Үшіншісі азық-түлік өнімдерінде шыққан күні, сақталу мерзімі көрсетілуі тиіс. Керек болған жағдайда бір реттің пайдаланатын ыдыстар жеткілікті болуы  да тексеріледі. Соңғысы сауда-саттық жасаушылар жеке гигиена ережелерін сақтаулары керек.

Ержан Ыдырысов-санитарлық гигиеналық бөлім басшысы

 Жеке кәсіпкерлер қоғамдық денсалуық сақтау басқармасына келіп, рұқсат қағаздарын алулары қажет. Ол үшін шығатын кәсіпкерлердің жеке медициналық кітапшалары және сатылатын өнімдердің құжаттары болуы тиіс. Тамақтан уланулдың алдын алу мақсатында 22 наурыз күні рейд жұмыстарын жүргіземіз.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать