Балқаштық боксшылар ҚР аймақтық чемпионатынан алтынмен оралды.

Балқаштық боксшылар ҚР аймақтық чемпионатынан алтынмен оралды. Жарыс 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында Жезқазған қаласында өтті. Онда облыс құрамасының сапында балқаштық 4 спортшы бағын сынады. Соның екеуі чемпион атанды. Олар 46кг салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Абитаев Әнуар және 56 келі салмақта жеңіске жеткен Ермек Ерасыл. Енді жерлестеріміз мамыр айында Қызылорда қаласында өтетін ҚР Чемпионатына барады. Онда балқаштық спортшылар облыс намысын қорғайды.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать