Балқаштық мұғалімдер «Рухани жаңғыру» бағдарламасын талқылады. Бүгін колледж және мектеп ұстаздарының қатысуымен №15 лицейде жиын өтті. Онда облыстан келген аймақтық кеңсе мененджері Гүлжан Кударинова бағдарламаның 6 бағытына тоқталды. Олар «Атамекен», «Рухани қазына», «Тәрбие және білім», «Ақпарат Толқыны», «Өзгерісті өзіңнен баста» және «Іскер азамат-ел тірегі». Соңғы екеуі тізімге биыл қосылған. Қазір елімізде әрбір бағыт бойынша түрлі жобалар іске асуда. Өткен жылы Балқаш 9 жоба ұсынған. Ал осы жылы бағдарлама бойынша алда қандай іс күтіп тұр? Бұл сауал жиында талқыланды. Басқосудан кейін облыстан келген қонақ оқушылар сарайында болып, өнер мектебіне де бас сұқты. Жөндеу жұмысы жасалып жатқан бассейнді тамашалады.
Гүлжан Кударинова-«Рухани жаңғыру» аймақтың кеңсе мененджері
« Өткен жылы бізден 3 жоба өтті Балқаштан рухани қазына бағытының аясында. Ол айтыс, Ағыбай батырдың 350 жылдығына арналған. Сосын Атамекен бағытында демеушілер бірнеше объект салып, балаларға арналған алаңдар ашылды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login