365 балқаштық туберкулезге қарсы тексерістен өтті

Балқашта бірнеше адамнан туберкулез ауруының белгілері анықталды.  Қала маңындағы кент тұрғындарын тексеруге шыққан рентгенолог мамандар осындай мәліметпен бөлісті.  Кесте бойынша дәрігерлердің жұмысы наурыздың бірінде басталған еді. Ақ халаттылар Қоңырат, Техснаб, Рембаза және жұмысшы кентінде болып, ондағы тұрғындардың өкпесін тексерді. Ал бүгін жылжымалы флюрографиялық  кешен соңғы пункт- Балқаш станциясына келді. 15 күннің ішінде мамандар 365 адамды рентгенологиялық зерттеуден өткізген. Оның қорытындысы бойынша бірнеше адам күдікке алынып отыр. Алайда, нақты диагноз қою үшін олар тағы бір рет флюрографиялық тексеруден өтеді.

Зекен Муликова-рентген-зертханашы

 «Олар қосалқы тағы тексерістен өтеді. Қортыныдысын дәрігер-рентгенологтар айтады. Керек болса тағы қосымша зерттеу жасалынады. Қорытындының барлығы туб диспансерден алынады. Ал КМС бойынша бүкіл поликлиникаларға түсірілімдерді жібереміз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать