Көлікпен көл үстіне шығуға тыйым салынады. Себебі қазір мұз жұқарып, жарыла бастаған. Оның қалыңдығы жағадан 60 метр жерде 65 см. 200 метр қашықтықта одан 5 см жұқа. Ал ашық алаңқайларда мұздың ақлыңдығы 40 см дейін жетеді. Ең қауіпті жерлер олар Техснаб және ЖЭС аймағы. Құтқарушылар көл үстіне жаяу шығатын тұрғындарға да абай болу керектігін ескертеді. Былтыр қауіпсіздік ережесін сақтамаған 3 тұрғын көлге батып, мерт болған.
Дархан Қуанбаев – судан құтқару бөлімшесінің басшысы
Ашық айдындарда жарылған жерлер көбейді. Сондықтанда балықшыларға көлге шығуға қатаң тыйым салынады. Автокөлікпен және мотоциклмен шыққанда мұз шыдамауы мүмкін.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login