Заңсыз діни кітаптар таратқан балқаштыққа 226 мың айыппұл салынды

Рұқсат етілмеген діни кітаптарды таратқан балқаштыққа қатысты сот шешімі шықты. «Евангельдік христиан баптисттер» өкілі Ақтоғай ауданына қарасты ауыл-аймақтарды аралап, елге өз ағымдары  жайлы жазылған оқулықтар ұсынған. Алайда  «Евангельдік христиан баптисттерінің» шіркеуі Қазақстанда тіркелмеген болып шықты. Оған қоса дінге қатысты әдебиеттер тек арнайы бекітілген орындарда ғана таратылып, сатылуы тиіс.  Осыны ескерген сот 57 жастағы ер адамға 230 мың теңге айыппұл салды. Айыпталушы  бұл үкіммен келіспей, облыстық әкімшілік сотқа аппелияцияға берген. Алайда, үкім өзгертусіз қалды.

Әлия Тейлянова-қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың судьясы

«Ол заңсыз кітаптарды таратқан. Себебі ол оқулықтар арнайы діни зерттеуден өтпеген. Соны ескерген сот оны әкімшілік жауапқа тартты. Енді ол 40 күннің ішінде 100АЕК айыппұл төлеуі тиіс.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать