Балқашта ірі қара мен ұсақ малдарға екпе егу науқаны басталды.Ол үшін республикалық қордан сібір жарасына қарсы 11 мың доза дәрі-дәрімек әкелінді. Қазіргі күні ветеринарлар Саяқ пен Гүлшат кентінде жұмыстарды бастап, 400 малдан қан алды. Енді оларды тексерген соң, бірыңғай базаға кіргізеді. Содан кейін сібір жарасына қарсы екпе егіледі. Сондай-ақ жақын күндері 500-ге жуық ит «құтырма» мен 160 түйе «оба» атты аса қауіпті дертке қарсы вакцинаны қабылдайтын болады. Мұндай санитарлық-ветеринарлық жұмыстарға жергілікті бюджеттен 8 млн. теңге қаржы бөлінді.
Самат Молдабеков – қалалық ветеринария бөлімінің жетекшісі «Қазір Саяқ, Гүлшат кенттерінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.Қан алу, туберкулезге қарсы қан алу, сібір жарасына қарсы егу жұмыстары.Бұл жұмыстар қараша айына дейін жалғасады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login