Балқашта 10 дүкен иесі мүмкіндігі шектеулі 10 адамға киім сыйлады

Бүгін қала кәсіпкерлері жарымжан жандардың алғысын алды. 10 дүкен иесі мүмкіндігі шектеулі 10 адамға киім сыйлады. Қайырымдылық акциясына қатысуға бағалы киімдер сататын сауда орындары келісімін берген. Ал тұрғындар болса, дүкенді аралап, керегін таңдап алды.

Жанар Тұрғанбаева  дүкенге жаңа киім таңдауға келді. Бүгін 2-ші топ мүгедегі бағасына қарамастан өзіне ұнағанын ала алады.  Ілініп тұрған түрлі тауарлардың арасынан мына көйлекке көзі  түсті. Енді киіп көру қажет.

Айнадағы өз кейпін көрген кейіпкеріміз көйлекті бірден ұнатты. Жеңіл әлі жабық киім Жанардың қалағаны. Көп ойланбастан, бірден таңдау жасады.

Жанар Тұрғанбаева  -Балқаш тұрғыны

«Өзім тек шалбар киіп үйренгенмін. Бүгін әдейі көлекті таңдадым. Көктем келді ғой, өзімді әдемі әрі жеңіл сезінгім келеді».

Ал Наталья Достовалова аяқ киім дүкеніне баруды жөн деп шешкен. Сөрелерді қарап шыққаннан кейін ыңғайлы етікке тоқталып, киіп көрді. Таңдағанын дүкен иесінен сыйға алды.

Нұрым Ақтаева – дүкен иесі

«Қолда бар болып тұрса, мұқтаж жандарға көмектесіп тұрған Алла разылығы үшін өзіміздің міндетіміз деп ойлаймын. Беріп тұрған дұрыс. Қиналып жатқандардардың қуанғаны керемет жағдай».

Бұл күні ерлер де шет қалмады. Айдос Мұқашев дүкенге барып, бастан аяқ киініп қайтты. Шалбар, жейде, аяқ киім және свитер өзіне жараса кетті. Жалпы алғыс айту күнінде қала дүкендері мүмкіндігі шектеулі 10 адамды тегін киіндірді. Туғаннан кемтар 60 бала кинотеатрда ақысыз кино көрді. Тағы 10 бүлдіршін қаладағы донер сататын орындардың бірінде тегін тамақтанды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать