Балқашта үздік болашақ дәрігер анықталды. Медициналық колледжде студенттер арасында « мамандық үздігі» байқауы өтті. Өз өмірлерін аса жауапты іспен байланыстырған жастарға анализ алу, диагноз қою секілді түрлі медициналық тапсырмалар берілді.
Болашақ фельдшер Жамал Сыдыханова үшін бүгін маңызды күн. 3 жыл бойы алған білімін тек өзіне ғана емес өзгелерге де дәлелдеуі керек. Оқығанын ұмытпас үшін қайталау артық етпейді. Деседе, студент өз жеңісіне сенімді.
Жамал Сыдыханова – медициналық колледждің 3 курс студенті
«15-16 жасыман дәрігер болуды армандадым. Сол бағытта жүріп келемін. Болашақта да осы мамандық бойынша жалғастырамын деп үміттенемін.
Алғашқы тапсырма науқасты көрмей-ақ, оның ауруының белгілеріне қарап диагноз қою. Бұл жерде ең бастысы жылдамдық. Себебі адамның денсаулығын, өмірін сақтап қалуда әр минут қымбат.
Әрі қарай қатысушылар капельницаны қалай қою керектігін көрсетті. Тәжірибелі дәрігерлер студенттердің әр қимылын бақылап тұрды. Қол жуғаннан бастап, перепараттың жарамдылық мерзімін тексергендеріне дейін.
Ал бұл кабинетте студенттер науқастардан қан алып, оның нәтижесін тексерді. Анализ қорытындысын артынша мамандар қайта қарап, дұрыс-бұрыстығына көз жеткізді.
Рузья Байсеитова – практикалық оқыту бойынша меңгеруші
« Осы кәсіби сайыс негізі 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең теориялық деп аталады. 8 топтан 4 курстан 10 баладан 80 бала қатысқан болатын бірінші турға. Содан әрбір топтан бірақ бала жеңіп шықты. Ең жоғарғы бал алған. Бүгін міне екінші кезеңі болып жатыр.
Болашақ фельдшерлер мен медбикелер, лаборанттар 4 кезеңнен тұратын сайыста бақтарын сынады. Оның қорытындысы бойынша үздік фельдшер атағын Фариза Берденова жеңіп алды. Үздік медбике Альфия Баградзе атанды. Ал үздік лаборант Аружан Иманова. Енді жеңімпаздар облыста қала намысын қорғайды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login