Саяқ кентіндегі ауыз су мәселесі шешіледі

Облыс әкімі Ерлан Қошанов халық алдында есеп берді. Өткенді саралап, алдағы істерді нақтылауға арналған жиынға онлайн жүйе арқылы өңірдің барлық аудандары мен қалалары қатысты. Балқаштықтар мәдениет сарайында жиналып, аймақ басшысының есебін тыңдады. Облыста бір күнде не атқарылады? Ерлан Қошанов баяндамасын осы сауалдың жауабынан бастады. Сонымен бір күнде орташа есеппен Қарағанды облысында 100 мың тонна көмір, 75 мың тонна мыс және 45 мың тонна темір кені өндіріледі. Аймақ экономикасына орташа есеппен күніне 1 млрд. теңге инвестицияланады. Бюджетке 933 млн. теңге салық түседі. Статистика бойынша, 24 сағатта шартты түрде 371 тонна ет, 183 тонна нан, 1,7 млн. жұмыртқа, бір тоннадан астам сүт өндіріледі. 2 млрд. теңгеге тауарлар сатылады.

Одан кейін облыс әкімі алдағы жоспармен бөлісті. Биыл өңірде 6 жаңа зауыт іске қосылады. Нәтижесінде мыңға жуық жұмыс орны пайда болады. Ал жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын цифрландыруға көшіру үшін 250млрд теңге инвестиция бөлінеді.Сондай-ақ биыл Қарағандыда айналма жол салынады. 50км созылатын аралықтың құрылысына 34 млрд теңге жұмсалмақ. Алда атқарылатын осы және өзгеде жұмыстарға тоқталған өңір басшысы халықтың сұрағына жауап берді. Қарағандыдан өзге әр қаладан әр ауданнан бір-бір сауал жолданды. Балқаштан Саяқ тұрғыны сөз алды.

Саяқ кентінің  тұрғыны: Ауыз су мәселесі биыл 2018 жылы шешімін табады ма? Мен Саяқ кентіне мен не деп айтып барамын.

Қарағанды облысы әкімінің жауабы: Саяқ кентінің халқына сәлем айта барыңыз. Біріншіден. Саяқтың өзінен су іздеп, таптық 200метр жерден.  Суды тазартатын қондырғы салуымыз керек. Жобасын жасау керек. Содан кейін барып ақша, қаржы бөлеміз. Әлі 1 жылға созылатын жұмыс. Солай деп сәлем айтып барыңыз.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать