Руы Тобықты – Манас – Ақсары, асқар таудай әке, отбасының тірегі, құдамыз Қағазбаев Айтқали Асылмұратұлының бақилық болғанына 1 жыл толады.
Жайдары, дархан көңіл мінезімен,
Жаны пәк, қамқор, адал тілегімен.
Жар болды, құда болды мейірімді,
Ақкөңіл, аңқылдаған жүрегімен.
Тәңірім де таңдайды екен тектілерді,
Жаратқан жақсыларды көпсінеді.
Өзіңсіз 1 жыл өтті, жан Құда,
Туған-туыс, балаларың өксігелі.
Қимаймыз көзімізден жас тамады,
Дұғамыз қабыл болсын бағыштаған.
Пейіш болсын тұрағың,
Жарық болсын мекенің.
Жатқан жерің жарық болсын,
Ардақты қимас құдамыз!
Еске алушылар: құда – құдағиы: Амангелді – Жібек.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login