Балқаш жаңалықтары 19 ақпан 2018

1.Орталық аурухана 3 жедел-жәрдем көлігімен толықты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Балқашқа 1 реаномобиль және екі шұғыл жәрдем көресетін техника бөлді.

2. Балқашта қоқысты сұрыптау қолға алынды. Бұдан-былай үйден, дүкеннен шыққан күл-қоқыстар жеке-жеке жәшіктерге салынатын болады. Ол үшін аулаға темір контейнерлерден өзге тор көзділер қойылуда.

3. Балқашта «қауіпсіз жол» акциясы басталды. Соған орай полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді қатаң бақылауға алады. Мұндай тексеріс 19 нан бастап 21 ақпанға дейін созылады. Еске сала кетейік, жыл басында ереже бұзудың 40 түрі бойынша айыппұл көлемі азайған болатын.

4. Қаламыздағы 53/898 әскери бөліміне 80 жыл толды. Әскерилер бұл мерейлі датаны мәдениет сарайында ұйымдастырылған салтанатты жиында атап өтті. Ал тарихқа көз жүгіртсек, бұл бөлім 1938 жылдың 17 ақпанында бомбалаушы авиациялық полк ретінде Белоруссияда құрылған.

5. Балқаштың ең сұлу аруы анықталды. Әдемілік пен әсемділік үйлескен сайыс мәдениет сарайында өтті. Оған сайдың тасындай іріктелген 12 қос бұрымды қатысты.

6. Демалыс күні қала тұрғындары «масленица» мерекесін атап өтті. Ұлт пен ұлысқа бөлінбеген балқаштықтар мәдениет сарайының алаңына жиналып, қысты шығарып салды. Жиналған қауымға арнап 800 құймақ пісірілді.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать