Балқаш жаңалықтары 13 ақпан 2018

2017 жылы 160 балқаштық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотталды. Ол үшін тіпті үш күдіктіні іздеп, табуға тура келді. Осы жайында қалалық сотта өткен қорытынды жиында белгілі болды. Анықталғандай, 2017 жылы қалалық сотқа 240 жуық қылмыстық іс түскен.

23 ақпан күні облыс әкімі Ерлан Қошанов халық алдында есеп береді. Сағат 15:00 де өңір басшысы атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспармен бөліседі. Әкімнің есебі тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Ал облысқа қарасты қалалар мен ауыл-аймақтағы тұрғындар 8 (7212) коды арқылы 42-11-90 нөміріне қоңырау шалып сұрақтарын қоюларына мүмкіндіктері бар.

Бүгін шаһар басшысы Александр Аглиулин «Батыр Шапағаты» медалімен марапатталды. Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына — 29 жыл. Осы атаулы датаға орай оқушылар сарайында жиын өтті. Онда Ауғанстан соғысы ардагерлері қауымдастығының атынан қала әкіміне Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалі табысталды.

Балқашта ауыл шаруашылық жәрмеңкесі қайта жанданатын болды. Қыстың қытымыр күндерінің қайтуына байланысты қайтадан өткізілмек. Енді Язев көшесінде әр сенбі сайын азық-түлік өнімдері арзан бағамен сатылмақ. Барлық өнім 15-20 пайызға төмен болып тұтынушыларға ұсынылатын болады.

Дәмді мереке! Осы аптада Славян халқы үшін масленица мерекесі басталды. Қысты шығарып салып, көктемді қарсы алу мейрамын тойлау тура 1 аптаға созылады. 7 күнге әр түрлі атау қойылған. Мысалы, дүйсенбі кездеу деп аталса, сейсенбі ойын ойнау күні болып табылады.

Қысқы олимпиада ойындарының төртінші күні Қазақстан үшін сәтсіз болды. Үлкен үміт артқан могулшы Дмитрий Рейхерд жарыс кезінде қателік жіберіп, жүлдеден қағылды. Әзірге Қазақстан Юлия Галышева ұтып алған қола медальмен 18 орында тұр.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать