Балқаштықтар зілдей темірді көтеріп сынға түсті. Демалыс күні қалада пауэрилифтинг спортынан ашық турнир өтті. Оған білікті ауыр атлетшілер мен қатар әуесқой спортшылар қатысты. Ал мұндай шара зілтемірші, халықаралық дәрежедегі ауыр атлетикадан спорт шебері, балқаштық Игорь Белоконьды еске алуға арналды. Сайыс жайлы келесі сюжетте.
Пауэрлифтинг – күш сынға түсетін спорт түрі.Сондықтан, зілдей темірді көтермес бұрын дененің бұлшық еттерін шынықтырып, қыздырып алу керек. Оны Антон Долганов жақсы біледі. 29 жастағы ауыр атлетші соңғы 13 жылын осы спортқа арнап, түрлі жарыстарда бақ сынап жүр. Ал бүгін қалалық турнирде 95 келіде таразыға түспек ниетте.
Антон Долганов – жарысқа қатысушы
«Бұл спорты түрі қаламызда жылдан-жылға дамып келеді. Ерлер мен қоса әйелдерде жетерлік. Күн сайын жаттығуда көрісіп тұармыз. Барлық қатысушылар мықты ».
Мықтылар жарысын кішкентай зілтемірші Ефим Медведев бастады. 4 жасар бүлдіршінге темірді көтеру тансық емес. Ес білгелі ата-анасымен бірге шұғылданып келеді. Жарыста әкесінің айтқанын жасап, темірді 20 рет отырып көтерді.
Жалпы, қалалық турнирге ерлер мен әйелдер тобына бөлінген 18 зілтемірші қатысты. Олар тапсырма бойынша темірді отырып- секіріп көтеру және трастер, яғни тұрып –отырып темірді жоғарға көтеруден өзара мықтыны анықтады.
Алексей Ногай – бас төреші
«Мұндай форматтағы жарыс қаламызда бірінші рет өтікізіліп отыр.Бұл пауэрлифтингтің басқа түрлерімен салыстырғанда оңайрақ. Классикалық ауыр атлетке ұқсайды. Кім көп жасаса сол жеңеді.Яғни ұпаймен есептелінеді».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login