1) Балқаштық тұрғынның бірі аса қауіпті «тырысқақ» ауруын жұқтырып алды деген күдік бар. Өйткені, ол аталмыш жұқпалы инфекциямен сырқат алматылық әйелмен тығыз қарым-қатынаста болған. Бір қонақ үйде жатып, бір ұшақпен ұшқан.
2) Балқашта жыл басынан бері 3 адам интернет алаяқтардан зардап шекті. Бұл ІІБ келіп, арыз жазғандары. Ал тәртіп сақшыларына жүгінбегендері қаншама. Бәріде арзан бағамен тауар аламыз деп, ақша жіберіп артынша сандарын соғып қалған. 10 мыңнан 100 мың теңгеге дейін қағылған.
3) Балықты заңсыз жолмен аулаған 12 балқаштық тұрғынға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың әрқайсысына 24500 теңгеден айыппұл салынды. Линиялық полиция қызметкерлерінің рейд жұмыстары Тараңғалық пен Шұбартөбек маңында жүргізілді.
4) Қаламыздағы бұрыңғы түрме балқаштық кәсіпкердің қолына өтті. Оны бизнес өкілі 12 млн. теңгеге сатып алды. Қазір құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Естеріңізде болса, АК 159/21 түзету мекемесі 2016 жылы жабылған болатын.
5) Балқаштықтар полицейлердің көмекшісі атана алады. Өйткені, жергілікті полиция қызметіне қоғамдық қызметкерлер қажет. Бүгіннен бастап аталмыш мекемеде қабылдау жүргізілуде. Бірақ, ниет білдірушілер заңмен бекітілген талаптарға сай іріктеледі. Біріншіден көмекші 18 жастан асуы керек.
6) Қазақстанда жедел-жәрдем қызметіне өзгерістер енгізілді. Ол бойынша емделушілер 4 топқа бөлінді. Соған қарай келу уақыты мен көмек көрсету мерзімі белгіленді. Жаңа ережелер 15- ақпаннан бастап күшіне енеді.
7) №15 мектеп лицейінің оқушылары енді тіс ауруынан қорықпаса болады. Онда жаңа стоматологиялық кабинет ашылды. Енді оқу ордасында профилактикалық тексеріс жүргізіп ауырған тісті емдеуге мүмкіндік бар.
8) Балқашта ұлттық тағамдарға байқау жарияланды. Оған асхана шеберінің мамандары қатысып, түрлі халықтың астарын әзірлеп, сынға түсе алады. Ол үшін алдымен 20 ақпанға дейін мәдениет сарайына барып, өтініш беру керек. Өтінімдер толық жиналғанда жереби арқылы кімнің қандай тамақ түрін жасайтыны анықталады.
9) Бүгін Оңтүстік Корея елінің Пхенчхан қаласында 23-ші Қысқы Олимпиада ойындары басталды. Байрақты бәсекеге 92 елден 2925 спортшы жиналды. Оның ішінде отандастарымыз спорттың 9 түрінен ел намысын қорғамақ ниетте. Ал оларға сеніп артып, қолдау білдіру үшін балқаштық жастар мұз айдынына жиналды. Көк туымызды желбіретіп, жерлестерімізге ақ жол тіледі.
10) Балқаштық жеңіл атлетшілер облыс чемпионатында қос медаль ұтып алды. Қоржынға алтын мен бірге қола салған қыздар балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Дарья Жунусова мен Карина Кадырманова.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login