Құрметті жиеніміз Әдбеков Қанағат Өмірсерікұлы! Сені орда бұзар 30-жасқа толған мерейтойыңмен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, бақытты өмір, табысты еңбек, бала-шағаңның рахатын көруіңе тілектеспіз. Қанағатжан, саған, жанұяңа тек жарық дүниедегі жақсылықты тілейміз.
30 жасқа толды бүгін бұл адам,
Үлкенге де кішіге де ұнаған.
Ақылымен жұртқа сыйлы атанып,
Туыстардың іске басын құраған.
Қанағатжан 30-жасың құтты болсын,
Өмірде денсаулығың мықты болсын.
Әке-шешең, ұрпақтарың аман болып,
Қасыңда Құралайың мәңгі болсын.
Айбыны асқақтаған кемел елдің,
Іргесі берік болсын керегеңнің,
Жүзге келіп сусын іш деп тілейміз,
Қолынан немере мен шөбереңнің.
Игі тілекпен: әжесі: Жанұзақ, нағашылары: Секен-Бақыт, Өрікбай-Перизат, бөлелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login