Балқаштық тұрғындардың бірі аса қауіпті «тырысқақ» ауруын жұқтырды деген күдік бар. Өйткені, бұл дертпен ауыратын алматылық әйелмен тығыз қарым-қатынаста болған. Бір қонақ үйде жатып, бір ұшақпен ұшқан.
Коммуналшылар ауыз су ағып жатқан құбырдың кімге тиесілі екенін біле алмай дал. Жауапкершілікті бір-біріне сілтеп отыр. Ал тіршілік көзі болса балабақшаға барар жолға жайылып, жерді көк тайғаққа айналдыруда.
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасында call-орталық ашылды. Оған хабарласу арқылы балқаштықтар медициналық қызметтер туралы ақпарат біліп, дәрігерлер үстінен шағым түсіре алады.
Осы аптада яғни 9 ақпан күні күллі әлемдегі стоматологтар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл сала ертеде пайда болған мамандықтардың бірі болып саналады. Зерттеу кезінде ежелгі адамдардың өзінде жасанды тіс болғаны дәлелденген. Ал қазір стоматология дамыған медицина саласының бірі. Қазіргі уақытта тісті емдеу тәсілдерінің түр-түрі бар. Оны біздің балқаштық дәрігерлерле қолданып жүр.
9 ақпан күні XXIII Қысқы Олимпиада ойындары басталады. Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін байрақты бәсекеге әлемнің 90 елінің спортшылары қатысып, 15 түрлі сайыста бақтарын сынайды. Жалпы 102 медальды сарапқа салынбақ. Ал Қазақстан атынан 46 спортшы қысқы спорттың 9 түрінен ел намысын қорғамақ. Балқаштықтар қысқы спорт жайында не біледі. Қандай түрлерін атап айта алады? Бұл сұрақтың жауабын сауалнамадан білейік.
Балқаштық кикбоксшылар облыс чемпионатынан жүлдемен оралды. Қала намысын қорғауға барған 5 спортшының бесеуіде чемпион атанды. 15 жастағы Айбат Нұрланұлы 48 келіде бақ сынаған. Ол қарағандылық алғашқы қарсыласын 3:0 есебімен ұтып, финалда теміртаулықты нокаутқа жіберді.
Біздің Telegram — парақшамызға қосыл t.me/orkenmedia! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login