Балқаштық стоматологтардың бір күндік жұмысы қалай өтеді?

Осы аптада яғни 9 ақпан күні күллі әлемдегі стоматологтар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл сала ертеде пайда болған мамандықтардың бірі болып саналады. Қазба жұмыстары кезінде ежелгі адамдардың өзінде жасанды тіс болғаны дәлелденген. Ал стоматология дамыған медицина саласының бірі. Қазір тісті емдеу тәсілдерінің түр-түрі бар.

Стоматолог Гүлзипа Жабаева басты ұраны мінсіз күлкі. Оның кабинетіне келетін тұрғындар да соның сырын іздеп келеді. 30 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі дәрігер күніне ондаға науқасты қабылдайды. Ең қиын жердегі қаңғұртты тауып, оны емдеп жазуға келгенде алдына жан салмайды. Керек болса жаңадан тіс өсіріп береді.

Гүлзипа Жабаева — стоматолог
«Қатты бүлінген тіс болса, онда оны рестоврация деп аталады. Қайта қалпына келтіру. Сондай жұмыстармен айналысамыз. Ал егер емдеуге келмей жатқан жағдайда хирург стоматологқа жұлуға жіберіледі».

Ал егер науқастың тісін құтақару мүмкін болмаса онда іске тіс технигі араласады. Ол әр адамның ауыз қуысының ерекшелігін ескере отырып жаңадан тіс жасайды. Мамандар айына 50 протез жасап шығарады.

Марат Әбеуов – тіс технигі
«Балалардың протезін жасаймыз. Ана жақта врач снимайт етеді. Ортопедический, балалардың тізін түзетуге. Съемның протездің қандайы керек. Соның бәрінжасаймыз».

Дантистке жиі бармас үшін мамандар қарапайым ережелерді сақтауға кеңес береді. Ол тісіңіз ауырамасада жылына 2 рет стоматологқа көріну. Тіс шөткесін дұрыс таңдау және кальций дәруменін ішуді ұмытпау.

 

Біздің Telegram — парақшамызға  жазылыңыздар!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать