Балқаштық тұрғынның бірі аса қауіпті «тырысқақ» ауруын жұқтырып алды деген күдік бар. Өйткені, ол аталмыш жұқпалы инфекциямен сырқат алматылық әйелмен тығыз қарым-қатынаста болған. Бір қонақ үйде жатып, бір ұшақпен ұшқан. Ал індет біздің елге Үндістаннан келген. Ол жаққа отандастырымыз демалуға барып, суды ішіп, ұлуларды жеген. Және алдын-ала болжам бойынша содан жұқтырып алулары мүмкін. Қазіргі күні елге келген 4 қазақстандық Алматы қаласының ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ал басқа отандастарымыз ел ішінде іздестірілуде. Оның бірі біздің Балқаштық тұрғын. Жергілікті полиция мен эпидемиологтар ақпаратына сүйенсек, күдікті жерлесіміз Үндістаннан кейін қалаға келмеген. Бүгінгі күні Қырғыз елінде тұрып жатыр.Және ондағы дәрігерлердің емін қабылдау үстінде. Тек Балқаш қаласында есепте тұр. Алайда,мұндай жайттан аулақ болу үшін шетелге шықпас бұрын арнайы екпелерді қабылдау керек дейді мамандар.
Сәуле Қапенова-халықтың денсаулығын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекшісі:«Тырысқақ- аса қауіпті, жұқпалы ауру. Одан адамның өліп кетуі ықтимал. Ол ауруға шалдыққан адам мен оның қоздырғышын тасымалдаушылар жұқтырады.Сол себептен, шетел асып шықпас бұрын екпелерді қабылдап барып бірақ кету керек».
Біздің Telegram — парақшамызға жазылыңыздар!
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login